Мосул қаласы ДАИШ әскерлерінен азат етілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мосул қаласы ДАИШ әскерлерінен азат етілді. Ирактың әскери қызметкерлері ескі Мосул шаһарындағы Тигр жағалауына мемлекеттік ту орнатты. Бұл, қаланы Қазақстанда тиым салынған Ислам мемлекетінің содырларынан түгелдей азат еткенін білдіреді.

«Біз бұл топпен 3 жарым жылдан бері соғысып келеміз. Осы уақыт ішінде біраз қаланы құтқардық. Байджиден бастап, Ти -Крита, сосын Эр-Рамади және Эль-фалуджа. Міне енді Мосул қаласы»,- деді Ирак армиясының генерал-лейтенанты, Ирак армиясының генерал-лейтенанты, Абдул-Уахаб Әль-Саади.

Содырлардан азат етілген қалаға Ирактың премьер-министрі Хайдер аль-Абади келіп, әскерилер мен халықты құттықтады. Айта кетейік, ДАИШ содырлары Мосул қаласын 2014 жылы басып алған болатын. Ал, қаланың босату операциясы 2016 жылы басталған еді.

(Ирак)


Новости партнеров