ЭКСПО-ны 24 күн ішінде 600 мыңға жуық адам тамашалаған. Ал күніне келетін келушілер саны 31 мыңға дейін жетіпті. Адамар көп жиналатын нысандар ұлттық павильон «Нұр әлем» мен «Дю Солей» циркі көш бастап тұр. Ал онда Америка құрама штаттарының күні өтті. Ол кездейсоқ емес. Дәл осы күні америкалықтар өздерінің 241-ші тәуелсіздік күнін атап өтті. Менің әріптесім Азамат Әуезхан осы елдің павильонында болып, барлығын өз көзімен көрді. Қазір біздің студиямен тікелей байланысқа шығып, мән-жайды айтып беруге дайын. Азамат, қайырлы кеш! ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған АҚШ күні қалай өтті?
Қайырлы кеш, Әнуар! Барлығымызға белгілі, америкалықтар өздерінің түрлі мерекелерін тойлаудан еш шаршаған емес. Америкадағыдай мереке басқа елдерде жоқ шығар, саны жағынан әрине. Бұл ел шілде айының өзінде 60 мерекені атап өтеді екен. Қойған сұрағың өте орынды, бұл күн кездейсоқ таңдалып алынбаған секілді. Дәл осы күні штаттағылар өздерінің 241-ші тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Мұнда ұйымдастырушылар түрлі мәдени іс-шараны өткізді. Қонақтарды қазақ және америка музыканттары қуантты. Осылайша олар екі елдің дәстүрін бір арнаға тоғыстыруды ойласа керек. Ал павильон туралы айтар болсақ, америкалықтар «Сарқылмас қуат көзін» басты тақырып қылып алыпты. Оның астарында екі ел арасындағы достық рухы жатыр.
«АҚШ-тың павильонын елші Джордж Клоумен бірге «Астана ЭКСПО-2017» басшысы Ахметжан Есімов бірге тамашалады. Ол үш аумаққа бөлінген. Көлемі жағынан ең үлкендерінің бірі. «Энергис кеңістігі» бірінші аумақ тақырыбы. Ол жерден Американың өмірінен хабар беретін картиналар мен фильмдерді көруге болады. Ал үш үлкен эраннан фильмді тамашалай аласыздар. Одан шыққан сәулелер төбеге жетіп, аудиошоуға айналады. Бұл екінші аймаққа орналастырылған көрініс. Үшінші аумақта келушілер екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат алып, оның қалай дамып жатқанын біле алады»,- деді АҚШ-ның Қазақстандағы елшісі, Джордж КЛОУ.
Азамат, қазір халықаралық көрменің нағыз қызған шағы. Шараны тамашалауға келетін қонақтарды тағы не күтіп тұр. Аз-кем тоқтала кетсең?
Әрине, күні ертең, келушілер Қытай Халық Республикасы күнін тамашалай алады. Қонақтарды кешке дейін түрлі іс-шаралар күтіп тұр. Сонымен қатар, энергетика саласы бойынша қазақ-қытай форумы өтеді. Екі ел кәсіпкерлері балама қуат көзін өндіруде пікір алмасады. 6-шілде күні Астана күніне орай таңертеңнен кешке дейін мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Және амфитеатрда үлкен мерекелік шарамен аяқталады. Келесі күні Соломон аралдары күні, 8-ші шілдеде Венесуела күні келушілерін күтеді. Шілденің 9-ы Әзербайжан мен Латвия күні және кешке қарай Астананың мәдени күндері аясында концерттік шара ұйымдастырылмақ. Әнуар, атын атап, түсін түстемей, барлығыңызды керемет шаралардың көрермені болуға шақырамын. Мендегі ақпар әзірге осы. Сөз тізгіні өзіңде.
Рахмет. Студиямен тікелей байланысқа қосылған әріптесім Азамат Әуезхан болатын. Ал, біз хабарымызды өзге жаңалықтармен жалғастырсақ.