ЭКСПО көрмесіне арнап салынған нысандар ел игілігіне берілмек

ЭКСПО көрмесіне арнап салынған нысандар ел игілігіне берілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЭКСПО көрмесіне арнап салынған нысандар ел игілігіне берілмек. Халықаралық шара аяқталған соң сәулеті соны ғимараттарға «Астана» халықаралық қаржы орталығы жайғасады. Одан бөлек, IT стартаптар паркін де көрме аумағына орналастыру көзделуде. Енді бірі - көрменің мұрасы ретінде келушілерге қызмет көрсете береді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Президент ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесуі кезінде ғимараттардың қаңырап бос қалмауын қадағалау қажеттігін басты назарға қойды. Жалпы, ғаламат көрме еліміздің экономикасын дамытуға серпін берген. Оның құрылысына отандық 196 компания қатысыпты. Соның арқасында, 200 мыңға жуық адам жұмыс тапқан. Ал оны өткізуге бөлінген қаржы 816 млрд теңгеден 452 млрд теңгеге оңтайландырылды.

«Қонақ үйлер мен қосылған жаңағы хостелдердің саны 27 пайызға өсіп отыр. 8 пайызға кіші және шағын бизнесте істеп жатқан адамдардың саны өсті. 15 жарым мыңға. Халықаралық павильондарға біз өзіміздің қазақстандық компаниялар жұмыс жасады. 1647 адам. Шетелдердің өздері павильондарын жасау үшін 100 миллион долларға жуық қаражат жұмсап отыр», - деді «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ.


Новости партнеров