ЭКСПО-ның бір жарым миллионыншы қонағы анықталды

25.07.2017 в 18:39

ЭКСПО-ның бір жарым миллионыншы қонағы анықталды. Елорда төріндегі болашақ энергиясын өндіретін озық технологияларды көргісі келетіндер күн санап көбейіп келеді. Естеріңізге сала кетейін, екі апта бұрын ғана халықаралық көрмеге келушілер саны 1 миллионға жеткен болатын. Ауқымды шараның медиа орталығы таратқан ақпаратқа сай, шілденің 17-і мен 23-і аралығында көрме кешенін тамашалауға 300 мыңға жуық адам келген. Ал ең ауқымды келушілерді қазақстандық “Нұр-Әлем” павильоны жинап отыр. Сондай-ақ, халықтың көзайымына айналған Африка, Мысыр, Үндістан, Ресей, Түркия елдерінің кешендері көш басынан түспей келеді.