Ел ішінде қоныс аударуға бөлінетін квота саны бес есе артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлеріне өз еркімен 381 отбасы немесе 1 мың 479 адам қоныс аударған. Министр бағдарламаға өзегерістер мен түзеутулер енгізу керек, деді. Сондай-ақ жаңа қонысқа барғандарды тұрақты жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілерге 450 айлық есептік көрсеткішті сомасында субсидия қарастыру ұсынылған.