Елбасы «АҚШ - Ислам Әлемі» Саммитіне қатысты

Елбасы «АҚШ - Ислам Әлемі» Саммитіне қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев «АҚШ - Ислам Әлемі» Саммитіне қатысты. Эр-Рияд қаласындағы алқалы жиынға ондаған елдің басшылары мен үкімет жетекшілері қатысып, әлемдегі қауіпсіздік, мұсылман елдеріндегі жанжал сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Елбасы жиын аясында бірнеше кездесу өткізді. АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуі барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Новости партнеров