Елбасы Астана қаласының бас жоспарымен танысты

10.03.2017 16:42

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының бас жоспарымен танысты. Жауаптылар президентке елорданың болашақтағы сәулетін, жаңадан салынатын ғимараттардың нобайын көрсетті. Қазір Астанада бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, қаланың инфрақұрылымы дамуда. Келешекте елордада мәдени орындардың саны көбеймек. Жиын соңында Президент жауаптыларға жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.