Астана қаласында
тоғызыншы мешіт бой көтеруде. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Сарыарқа
ауданында ашылатын жаңа мешітке бүгін Мемлекет басшысы барды. Құрылысқа жауапты
мамандар Президентке мешіттің салыну барысы туралы баяндап берді. Есіл өзенінің
оң жағалауында орналасқан бұл мешіттің құрылысы 2016 жылы басталған. 750 адамға
лайықталған ғимарат түрлі өрнекпен көмкеріліп, постмодернизм стилінде
салыныпты. Қабырғалары үш бұрыштана сүйірленіп,
диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Ал сыртқы дизайны гүлді, әрі алмастың қырларын еске
салады. Мұнарасының биіктігі - 43 метрден асады. Ол «қалам» - «қасиетті
қауырсын» түрінде бой көтерген. Айта кетсек, жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен
жиналған қаражат есебінен тұрғызылған.