Елбасы «Астананың жасыл белдеуін» құрайтын орман алқабын аралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астананың жасыл белдеуін» құрайтын орман алқабын аралағаннан кейін орманға қырғауылдар мен еліктерді жіберді. Осы орайда Президент Астананың маңын жасыл-желекпен толықтыру үшін 1998 жылдан бері орманның аумағын кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын, бұл жерде ағаш отырғызу оңай болмаса да, орманшылар ауқымды жұмыстарды атқарғанын жеткізді. «Жасыл белдеуде» 2020 жылға дейін үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Бірінші, орманды алқапта егу жұмыстарын жалғастыру. Екінші бағыт - қала аумағындағы бос жерлерде орман алқаптарын жасау. Елорданың жасыл белдеуін дамыту үшін рекреациялық аумақтарды жасау көзделген, бұл аталған жұмыстың үшінші бағыты болып табылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
28.09.2026 09:58
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қызметінен босатты
27.09.2026 09:01
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
27.09.2026 15:42