Елбасы Еуразия ұлттық университетінің ректорын қабылдады. Кездесуде жоғарғы оқу орнында былтыр атқарылған істер жіпке тізілді. Университет басшысы биылдыққа жоспарланған жұмыстардың жай-жапсарына тоқталды. Елордалық оқу орны әлемдік рейтингте 345 орынға тұрақтаған екен. Онда қазір 17 мың білімгер оқып жатыр. Дені - 3 тілді жетік меңгерген. Одан бөлек, университет аумағында 4 бірдей зертхана салыныпты. Ол жерде студенттер тың жобаларын жүзеге асырып жатыр.
«Өзіңіз айтқансыз кезінде, Қазақстан космос державасы болуы керек деп. Соған байланысты қазір космос технологиясы бойынша магистр мамандарды әзірлеп жатырмыз. Алғашқылары биыл бітіреді. Сонымен бірге, Астана - құрылыс алаңы. Инновациялардың барлығы осы жерде. Сондықтан да құрылыс саласына жіті ден қойдық», - деді Л. Гумилёв атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан СЫДЫҚОВ.