Елбасы қауіпсіздік кеңесін өткізді

12.07.2017 19:13

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өткізді. Онда, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен лаңкестіктің алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Елбасы, қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл ретте кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы еліміздегі және әлемдегі террористік топтардың деструктивті әрекеттерінің салдарларына назар аударып, оларға қарсы тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін тілге тиек етті.

«Ақпараттық-комуникациялық технологиялар адам мен мемлекет тіршілігінің мызғымас бөлігі болды. Пайдасы да бар, келтіретін зияны да бар. Ғылыми табыстарды жетістіктерді пайдалана отырып, әскер саяси салада тіпті өнеркәсіптің өзіне тисетін жағдайлар бар. Оны бәрін білеміз. Айтып жатудың қажеті жоқ. Кибер қауіпсіздіктің істеп жатқан зияндығы бізге ғана емес Америка сияқты ұлы мемлекеттің өзіне шабуыл жасап отыр. Ресейге шабуыл жасап отыр»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.