Елбасы қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру туралы жарлыққа қол қойды

30.10.2017 22:24

Қазақ тарихы тағы бір оқиғамен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми хабарлады. Сонымен, төл әріптерді апостроф, яғни дәйекше арқылы таңбалайтын екінші нұсқа таңдалды. Енді ел үкіметі ұлттық комиссия құруға кіріседі. Одан кейін, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. 

Теги: Жарлық