Алматының адымы алшаң қашанда. Қалада атқарылған толайым жұмыстармен танысқан Елбасы шаһар әкімдігінде маңызды жиын өткізді. Президент Алматы экономикасы ширек ғасырда 100 есеге артқандығын айтты. Одан бөлек, шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірген өнім көлемі 130 есеге өсім көрсеткен екен. Қала аумағы да 2 есеге ұлғайған. Бұқара үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы толастамай, керісінше қарқын алған. Бұл - Алматының құлаштап дамып жатқанын аңғартса керек. Маңызды жобаларды жіпке тізген президент жиын соңында қала басшылығына бірнеше тапсырма берді. Оларды жүзеге асыру уақыт оздырмау керек