Елбасы Украина президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

06.03.2017 в 17:24
Қазақстан Президенті Украина Президенті Пётр Порошенкоға көңіл айту жеделхатын жолдады. Елбасы Львов облысындағы «Степная» шахтасында жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдірді.