|
11.05.2017 | 12:02
1301

Елбасы Ұлы жеңіс күнінде Елордада тұратын ардагерлерді құттықтады

Елбасы Ұлы жеңіс күнінде Елордада тұратын ардагерлерді құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы жеңіс күнінде Елордада тұратын ардагерлерді құттықтап, қан майданда қаза тапқандарға арнап  "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Президент Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы маңызды рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

«Бұл жеңістің мағынасы өте үлкен. Адамзат траихында бұндай сұрапыл соғыс болған емес. Ондаған миллион халықтың өмірін алып кеткен, қанша қалалар мен далаларды күйреткен фашизмге қарсы ұлы соғыста біздің бабаларымыз үлкен жеңіске жетті. Сол жеңістің арқасында біз мынандай ашық аспанның астында, бейбітшіл өмір сүріп, бала өсіріп, ұрпақ өсіріп, мемлекетімізді нығайтып жатырмыз»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир