|
04.07.2018 | 22:50
1641

Елбасыға Азия Паралимпиялық комитетінің Құрмет ордені табыс етілді

Елбасыға Азия Паралимпиялық комитетінің Құрмет ордені табыс етілді


Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік туды көтеру рәсімінен кейін Астанадағы паралимпиядалық жаттығу орталығына барды. Мемлекет басшысы жазғы және қысқы паралимпиядалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары мен спорттық резерв дайындалатын спорт кешенімен танысты. Ойын, күрес залы мен жаттығу бөлмелерін арналған президент, спортшылармен және бапкерлер құрамымен тілдесті. Елбасы сондай-ақ XII қысқы паралимпиядалық ойындарының чемпионы Александр Колядинге спорттағы жетістігі үшін естелікке сыйлық тарту етті. Ал Азия Паралимпиялық комитеттің президенті Маджид Рашед ерен еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа осы ұйымның Құрмет Орденін тапсырды.

«Өздеріңіздің табандылықтарыңыз бен ерік-жігерлеріңіздің арқасында еліміздің даңқын асқақтатып жүрсіздер. Мен сіздердің еңбектеріңіз бен өршіл қасиеттеріңізге тәнтімін. Сіздер барша жұртқа лайықты үлгі көрсетіп келесіздер»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Бұдан соң Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы салған «Ақжайық» саябағына ат басын бұрды. Нысанды аралау барысында Президент Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Айта кетерлігі, саябақ аумағында Мәншүк Мәметованың ескерткіші, субұрқақ, 100 орындық амфитеатр, «Сиқырлы лабиринт» атты инсталляция, тақырыптық алаңдар, сондай-ақ баскетбол ойнауға және жүгіруге арналған алаңдар бар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир