Еліміз егін жинау науқанына дайын

12.09.2017 22:39

Еліміз егін жинау науқанына дайын. Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрлігі дайындық жұмыстары жөнінде есеп берді. Астық жинайтын техникаларға да қажетті жанар жағармай жеткілікті екен. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жоспарлы істің дизельді отынмен 80 пайыз қамтамасыз етілгенін хабарлады. Үкімет басшысы аталған жұмыстарды ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке қатаң бақылауға алуды тапсырды. Десек те биыл бұл мәселе жөнінде қиындық туындамауы тиіс. Жауаптылардың барлығына өткен жылғы қар астында қалып қойған астық оқиғасы сабақ болса керек, ал бұл егін жинау науқанында дайындық жұмыстары ерте басталған көрінеді. Энергетика министрлігі де бұл науқанға 80 пайызға дайын екен. 

«Жанар-жағармайды жеткізу жұмысы жоспарлы түрде атқарылуда. Оның 56 пайызы орындалды. Ал 393 мың тонна жағармайдың 222 мың тоннасы жіберілді және орындалу көрсеткішінің пайыздық үлесі қазіргі таңда 80 пайызды құрап отыр. Қажетті отынмен қамтамасыз етуге дайынбыз», - деді ¤Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.

Ал, Ұлттық экономика министрлігі салық режимін жеңілдетуді ұсынды. Жаңа заң жобасы салықтық дауларды азайтып, тексеру жұмыстары санын қысқартуға негізделген. Егер салық төлеуші жауапты орынның түсіндіруімен өз ұстанымын өзгертсе, айыппұл төлемейді. Ал жаңа құжатпен бизнес өкілдері танысу үшін оны қабылдау келер жылдың 1-ші маусымына жоспарлануда. 

¤«Ұлттық экономика министрі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге жаңа салық кодексі жобасын дайындады. Бұл құжатта өзгертулер мен диалогтар, енгізу мен ынталандыру, қысқарту мен әкімшілендіру көрсетілген. Бағыт адал салық төлеушілерге негізделген. Түрлі экономика секторларының салалары ынталандырылатын болады», - деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.¤

Сонымен қатар, жаңа салық кодексінде бірқатар жеңілдіктер алынып тасталуы бек мүмкін. Ол ойын автоматтары, лотерея билеттері мен пошта маркілерінің импортына қатысты. Бұдан бөлек, дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына қарсы келетін жеңілдіктер жойылады. Өйткені отандық тауарлар мен импортқа төленетін салық талабы бір болуы қажет.