|
21.07.2018 | 21:56
1457

Еліміз перзентханаларында тиісті мамандар жетіспейді – вице-министр

Еліміз перзентханаларында тиісті мамандар жетіспейді – вице-министр

Дәрігерлердің кеңесін тыңдамастан, өз өміріне қауіп төнсе де, бала тууға бел буған әйелдер саны Қазақстанда 3 мыңнан асады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді. Оның айтуынша, нәзік жандылар денсаулығына қарамастан, мамандар кеңесіне құлақ аспайды. Мұндай тәуекелге көбінесе, Түркістан, Алматы облыстары мен Астана қаласындағы келіншектер барады екен.  

«Қазақстанда ешбір қарсылыққа қарамай, бала туамын деген 3029 әйел бар. Олардың жағдайына біз мұқият болуымыз керек. Министрлік осы жағдайды жіті назарға алғаны жөн», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА .

Ләззат Ақтаева Астана перзентханасындағы ана өліміне де тоқталды. Соңғы бір айдың ішінде Астанада босанған 4 келіншектің көз жұмуын еске алған вице-министр ел бойынша статитикаға тоқталды. Ресми ақпаратқа сенсек, жыл басынан бері ел перзентханаларында 31 әйел қайтыс болған. Қайғылы жағдай Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Маман мұны  аймақтардағы маман аздығымен түсіндірді. Оның айтуынша, елімізде 341 акушер-гинеколог, 288 анестезиолог пен реаниматолог жетіспеуі қатты сезілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир