Елімізде Ұлттық қор мен зейнетақы қоры бірігуі мүмкін

06.01.2018 00:12

Елімізде Ұлттық қор мен зейнетақы қоры бірігуі мүмкін бе?  Өткен айда Елбасы  журналистерге берген сұхбатында осы тақырыпты тілге тиек еткен еді. Жиында президент Норвегия елінде мұндай тәжірибенің барын айтып, тың әдісті Қазақстанда да қолдануға болатынын мәлімдеген. Мемлекет басшысының осы сөзінен кейін, еңбек және халықты қорғау министрі Тамара Дүйсенова Елбасы тарапынан тиісті пәрмен берілгенін хабарлады.

«Бұл жөнінде Елбасы тапсырма берген. Сол бойынша жұмысшы тобын құрамыз деп, Ұлттық банктің басшыларымен келісіп жатырмыз. Жалпы, бұл жақсы практикалардың бірі. Сондықтан, біз қазір эксперттерді шақырып, ақылдасып, содан кейін шешімімізді айтамыз»,-деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Тамара ДҮЙСЕНОВА.

Министрдің сөзіне сенсек, қазір құзырлы орындар бұл жайтқа жіті мән беріп отырған көрінеді. Егер оңтайлы жолы табылса, онда еліміздің зейнетақы қоры мен ұлттық қор түбегейлі бірікпек. Бұл жағдайда салымшылардың қаржысы қалай реттеледі? Бұқара арасында "маңдай терімізбен жиған ақшаларымыз тағы да желге ұшпай ма?" деген үрей басым. Осы тақырыпты тарқату үшін тап қазір экономист-сарапшы Мақсат Халықпен тікелей байланысқа шықпақпыз.

Мақсат мырза! Екі ай бұрын Норвегияның ұлттық қорындағы қаражат көлемі 1 трлн долларға жетті деген ақпарат тарады. Олар ақшаны тиімді үнемдеп, толайым табысқа кенеліп отыр. Егер біздің елде қорлар бірігетін болса, мемлекет қаржыны ұлғайта ала ма? Мұндай тәжірибе бар ма біздің елде?

- Өте орынды сұрақ қойылып отыр. Бүгінгі таңда, осы Ұлттық қор мәселесі болсын, зейнетақы қоры мәселесі болсын ең актуалды мәселелердің бірі болып отыр. Енді, бұл жерде Норвегияның бірден көзге түсіп отырғандығы айдан-анық. Себебі, олар бір жылдың ішінде 64 млрд доллар табыс тауып отыр. Расымен де, бір триллион доллардан асып жығылатындай қаражатты жинақтап үлгерді. Әрине, бұл әлемді өзінің назарына ауоарып отырғаны орынды. Сондықтан да, өткенде елбасымыз бекерден-бекер оны мысалға келтіріп, және де соған ұқсатып бізде біріктіруіміз керекпіз деген мысалды жайдан-жай көтеріп отырмағандығы белгілі. Норвегия мемлекетінің өзінің табысының арттыруына бірден-бір себеп болған жағдай. Өзінің саясатын үнемді пайдалана алу, саясатын және дұрыс инвестициялау саясатын дұрыс қолдану нәтижесі деп айтуға болады. Ал, енді бізегі мемлекеттің Ұлттық қорымызды әлі де болса еселей алмай отырғанымыз және де зейнетақы қорымызда болып жатқан жағдайлардың осындай болып жатқандығы негізінен келген кезде Ұлттық қордан көптеген қаражаттың экономиканы қаржыландыруға бөлініп отырғандығы. Себебі, бюджетте тапшылық бар, сол тапшылықты жабу үшін, соңғы дағдарыс уақыттарында біз ұлттық қордың қаражатын белсенді түрде пайдаланып келе жатырмыз. Осы себептен де, біздегі Ұлттық қор азайып келе жатыр деп айтуға болады.

Өзіңіз білесіз, былтыр АҚШ банкі Қазақстанның ұлттық қорындағы 22 млрд долларды бұғаттап тастаған еді. Зейнетақы қорындағы біраз ақшаның Әзірбайжан банкіне салынып, кейін құрдымға кеткенін ел біледі. Осындай жағымсыз жайттардан кейін, қордағы ақшаның тиісті деңгейде қорғалатынына сенім бар ма?

- Сенім болу үшін менің ойымша, ең бірінші кезекте біздің қордағы қаражаттардың дұрыс жинақталуы және оның еселеніп артуы маңызды және ең бастысы бұл зейнетақы қоры болғандықтан оның инфляция деңгейінен жоғарғы деңгейде табыс алып келуі маңызды. Себебі, біздің жинақтап отырған қаражатымызды инфлияция жеп қоймауы керек. Сондықтан да, бұл жердегі мәселе ең негізгі келген кезде Ұлттық қорда осы зейнетақы қорымен біріктірген кездің өзінде де ең үлкен жүргізетін саясат осы біздегі қордың қаражатын тиімді басқару мәселесі. Сондықтан да, ең бірінші кезекте Ұлттық қор келешек ұрпақ үшін арналған қор болса, зейнетақы қоры халықтың негізгі жинақтап отырған қаражаты болса бірінші кезекте дұрыс жинақталуы керек және де дұрыс инвестициялануы керек.

Соңғы 8 жылда Қазақстан қаржы дағдарысы кезінде ұлттық қордан 83 млрд доллар алып үлгерген екен. Миллардтаған қаржының өз кезегінде ірі кәсіпорындар мен халықтың қиналмауына көмегі тигені белгілі. Бәлкім, қорларды біріктіріп қана қоймай, оларды басқару жүйесіне өзгеріс енгізу керек шығар?

- Расымен де топ менеджменттің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болуы керек, Себебі, егерде бізде мықты кадрлар болса онда осындай мәселелер болмайтын еді. Тіпті, Әзірбайжан банкімен болған жағдайда, кейінгі Ұлттық қордың еселеніп артуы да бірінші кезекте мықты мамандардың болуымен байланысты. Сондықтан да, осы мәселеге қатты көңіл бөлінуі керек.

Рахмет! Бізбен тікелей байланысқа шығып, қаржылық қор жөнінде көзқарас, пікірін білдірген экономист Мақсат Халық болатын.