Елімізде айыппұл мөлшері азаяды

Елімізде айыппұл мөлшері азаяды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 1-ші қаңтардан бастап айыппұл мөлшері азаяды. Тиісті заңға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға енген өзгеріс бойынша енді жол ережесін бұзған жүргізушілер айыппұлды 10 күнде төлейтін болса, онда оларға жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, жол сақшылары бұдан былай ережені көбіне елемей қалған жағдайда, тізгіншілерге алдымен ауызша ескерту жасайды. Мәселен, бұрын көше қиылысында кептеліс жасаған адамға 24 мың теңге көлемінде айыппұл салынса, келер жылдан бастап оларға тағылатын айып көлемі 7 мың теңгеден аспайды. Егер, жүргізуші ереже бұзуын қайталаса, онда 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Одан бөлек, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көлік иелері енді жүргізуші куәлігінен бір жылға емес, 6 айға айырылады. Жарықта көлік шамын жақпағандар бұрынғыдай 12 мың теңге емес, енді 7 мың теңге айыппұл төлейді. Темір тұлпарын рұқсат етілмеген жерге қаңтарғандарға да тағылатын айып көлемі 2 есеге қысқарған. Елбасы қол қойған заң жобасы 1-ші қаңтарда күшіне енеді. 


Новости партнеров