Елімізде биыл 103 мыңнан астам баспана пайдалануға беріледі

Елімізде биыл 103 мыңнан астам баспана пайдалануға беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 103 мыңнан астам баспана пайдаланылуға беріледі. 

Еліміздегі тұрғын - үй құрылысы жағдайы мен оған құйылған инвестиция көлемін министр Жеңіс Қасымбек баяндады. Ел дамуына тікелей жауапты ведомство басшысы Азаматтық авиация академия мен мамыр айының соңында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Airbus-320 ұшағы қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кетуін түсіндірді.  

Төтенше оқиға мамыр айы аяқталар тұста орын алған еді. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған Шымкент–Астана бағытындағы «Airbus-320» ұшағы қонғаннан кейін арнайы жолақтан шығып кеткен болатын. Қонуы қатты болған әуе кемесі, абырой болғанда, ішіндегі адамдарды жерге аман-есен жеткізді. Міне, осы оқиға бойынша Жеңіс Қасымбек түсініктеме берді.

«Техникада еш ақау болмаған, ауа райы жағдайы өте қиын болды. Бірақ бұл ұшаққа дейін де, кейін де әуе кемелері ұшып-қонды. Әуеде болған оқиғалар ұзақ уақыт бойы тексеріледі. Мәселен, Шудағы пойыз апаты бойынша тергеу жұмыстары аяқталды, материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Air Astana ұшағы бойынша тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, мұнда адам факторы бар, яғни қызметкерлер қателік жіберген», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.  

Жеңіс Қасымбек Алматыдағы азаматтық авиация академиясы төңірегіндегі мәселеге тоқталды. Естеріңізде болса, аталмыш оқу ордасының студенттері қолдарына диплом алғанымен, ұшу сағаттары туралы куәлік берілмеген еді. Тіпті, кейбір оқуын бітірушілер әуе кемесіне отыруға рұқсат ететін құжатты алу үшін аты шулы «Training center part FCL» компаниясында да жаттықаны белгілі. Аталмыш компания ұшағын 2017 жылы курсант тізгіндеп, апатқа ұшырағанын айта кеткен жөн.

«Біз қазір Білім және ғылым министрлігімен оқу бағдарламасын қайта қарап жатырмыз. Курсанттың қайтыс болғаннан кейін студенттерге ұшуды үйретететін компания біраз тергелді. Сондықтан білім алушылар ұшу сағаттарынан құр қалды. Бағдарламаны қайта реттеуіміздің себебі де осы. Бірақ бүгінгі күні аталған мәселе шешілген. Алматы және Қарағандыдағы авиациялық ұшу орталықтарымен келісім жасадық», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.      

Биыл тұрғын-үй құрылысына 500 миллиард теңгеден артық  инвестиция құйылған. Жалпы, 2018 жылы 100 мыңнан артық баспана пайдалануға берілмек.

«Биылғы жылы құрылыс саласында 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 103 мыңнан астам баспана пайдалануға берілмек. Тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылдан 28,4% артық. Сондай-ақ республика бойынша 49 667 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532 жеке үй бар», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.  

Инвестициялар және даму министрі «Бес әлеуметтік бастама» аясында «7-20-25» бағдарламасын іске асырылуына да тоқталды. Ұлттық банктің ресми мәліметіне сүйенген министр  төртінші шілдеден бастап кредиттік комиссияның қарауына өтініштер түсе бастады деді. Бүгінгі күні 148 өтініш жолданып, 1 миллирд теңге болатын 95 ипотекалық кредитті беру мақұлданданған.

Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана

Новости партнеров