Елімізде жасөспірімдер арасында түсік жасату азаймай отыр

Елімізде жасөспірімдер арасында түсік жасату азаймай отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында түсік жасату азаймай отыр. Соның салдарынан азаматтардың 15 пайызға жуығы бала сүйе алмай жүр. Оны алдын алу үшін мектептегі психологтар оқушылармен жұмысты жетілдіруі тиіс - дейді сарапшылар. Алматыда жүргізілген сауалнамаға 1000-ға жуық жеткіншек қатысып, ұлдардың 53, қыздардың тек 35 пайызы денсаулығым жақсы деп бағалаған.

«Ең керекті нәрсе ол ақпарат отбасыдан бастасақ. Әрі қарай балабақшада болсын, мектепте болсын, кітаптар дайындап, ақпарат беріп, ақпарат бергенде 5-6 жастағы балаларға бір ақпарат, мектепке барғаннан кейін бір ақпарат, бастауыш сыныпта басқа ақпарат, соны көбейту керек. Одан кейін, әсіресе, ауылдық мектептерде оны көбейту керек», - деді «Амансаулық» ҚҚ президенті Бақыт ТҮМЕНОВА.


Новости партнеров