Елімізде екінші деңгейлі банктерге қауіп үдеді

30.09.2017 01:15

Екінші деңгейлі банктерге қауіп үдеді. Қаржы институттарының IT мамандары кибершабуылдарға төтеп беруге тырысып бағуда. Алайда оларды анықтау қиынға соғып отыр. Себебі олар бір мезетте бірнеше мемлекеттен және түрлі адрестен шабуылдаған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Барлық хакерлерге мемлекеттік техникалық қызмет тойтарыс беріпті. Мамандар түні бойы кезекшілік қызмет атқарған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаржы институтын қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды жасаған. Оған қоса, шетелдік әріптестерімен байланыста отыр.Екінші деңгейлі банктерге қауіп үдеді. Қаржы институттарының IT мамандары кибершабуылдарға төтеп беруге тырысып бағуда. Алайда оларды анықтау қиынға соғып отыр. Себебі олар бір мезетте бірнеше мемлекеттен және түрлі адрестен шабуылдаған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Барлық хакерлерге мемлекеттік техникалық қызмет тойтарыс беріпті. Мамандар түні бойы кезекшілік қызмет атқарған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаржы институтын қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды жасаған. Оған қоса, шетелдік әріптестерімен байланыста отыр.