Зейнетақы төлемдерін беру тәртібі өзгермек

30.09.2017 01:17

Зейнетақы төлемдерін беру тәртібі келесі жылдан бастап өзгереді. 1 қаңтардан бастап заңды демалысына шыққандар өз шоттарындағы ақшаны ай сайын алып отырады. Сонымен қатар, базалық зейнетақы аударылады. Қазіргі таңда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы төлемдер салымшының қалауына қарай түзілген кесте бойынша жүргізіледі.


«Зейнетақы қорындағы жиынтық төлемдерінің шекті көлемі зейнетақының ең төменгі мөлшері, яғни 30-ға көбейтіндісіне тең. Тиісінше, ол қаржы сізге салымшы ретінде бір жылда төленеді. Келесі жылы ол коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді», - деді «БЖЗҚ» АҚ филиалының директоры Нұрлан ӘМІРЕНОВ.

 

¤Мәселен, заңды демалысқа шығатын адамда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллион теңге жинақталса, бір жолғы төлемнің көлемі 900 мың теңгені құрайды. Келесі жылдан бастап, бұл төлемдер бірден берілмейді. Ол қаржы бірнеше айға бөлініп тасталады.


¤«Төлем ай сайын беріледі. Ол өте қолайлы. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы кепілді төлем. Адам зейнетке шыққанда кез келген салымшы ретінде мемлекеттік бюджет есебінен ақша алып отырады. Оған қоса, базалық төлем төленеді. Оның көлемі қазір 14 мың 466 теңге», - деді «БЖЗҚ» АҚ филиалы директорының орынбасары Ақмарал СӘДЕНОВА.