Елімізде ішкі әуе рейстерінің бағасы арзандайды

 Елімізде ішкі әуе рейстерінің бағасы арзандайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзге ақпарат. Елімізде ішкі әуе рейстерінің бағасы арзандайды. Ақжолтай ақпарды инвестицилар және даму министрі жеткізді. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жыл соңына дейін ұшақ билеттерінің құны 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ал, сенат депутаттары коллекторлық қызмет туралы заң жобасына бірнеше өзгеріс енгізген. Маңызды құжаттың қандай тұстары түзелгенін елордалық тілшіміз айтып берсін.

2017-ші жылдың соңына қарай ішкі әуе тасымалдарының билет құны төмендейді. Бұл туралы Парламент сенатының кезекті отырысында инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Ведомоства басшысының сөзінше бұл процесс еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары жаңартылғаннан кейін қолға алынбақ. Ал әуе компаниясы билет құнын түсірмеген жағдайда, бағыттарға басқа компаниялар шығарылады. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттырады екен. Сонымен қатар, министр Қазақстан бойынша бағаны төмендету мақсатында 15 әуе рейсін субсидияламақ. Ұшақтарға қажетті керосин елімізде өндірілсе, бұл баға саясатына да елеулі әсерін тигізеді.

«Қазір біз керосиннің 60 пайызға жуығын шет елден алып жатырмыз. Өйткені, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына қарай бұл зауыттар толық көлемде Қазақстанға қажетті 800 мың тонна керосинді өндіреді. Бұл  жағдайда ішкі әуе рейстері билеттерінің бағасы 10-20 пайызға төмендейді»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі, Жеңіс ҚАСЫМБЕК. 

Сонымен қатар, Парламент сенатының қабырғасында министр Жеңіс Қасымбек авиациялық апаттарды тексеру жұмыстарын жүргізетін тәуелсіз органды құруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл құзырлы орын азаматтық және мемлекеттік авиациядағы орын алкан жағдайларды тексеруге болады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, мұндай уәкілеттілік министрліктерден тыс жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Сенат депутаттары бір жыл бойы айтылып келе жатқан коллекторлық қызметке байланысты заңнаманы төменгі палатаға қарауға қайта жіберді. Мәжіліс мақұлдаған бұл заң жобасына өзгертулерін енгізген сенаторлар қарыз алушының, қарыз берушінің және коллекторлық агенттіктің жұмысын оңтайландыру мақсатында өз ұсыныстарын енгізді. Онда борышкердің келісімінсіз таңғы сегізден кешкі тоғызға дейін күніне бір рет қана қоңырау шала алады. Бұл заң жобасы 2016 жылдың сәуірде көтерілген болатын.

«Осыдан бір жыл бұрын талқыға түскен заң жобасын мәжіліс депуттары қызу талқылаған еді. Қазіргі таңда елімізде банктік келісім-шарт бойынша қарызды өтейтін 60-қа жуық компания жұмыс жасайды. 900 мыңнан аса борышкерлердің істері коллектрлік агенттіктің құзырына жіберіліпті. Ал еліміздегі экономикалық белсенді азаматттардың үштен екісіннің басында несиелері бар»,- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.

Азамат Әуезхан, Бауыржан Қадақанов, "Алматы" телеарнасы Астанадан



Новости партнеров