Елімізде көлік тіркеу уақыты қысқаруы мүмкін

19.10.2017 23:15

Елімізде көлік тіркеу процесі 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Корпорация Ішкі Істер министрлігімен бірлесе отырып көлікті тіркеуді электронды форматқа ауыстыру жөнінде мәселені ведомства аралық комиссияның қарауына жіберген. Оспановтың айтуынша, қазіргі уақытта сатып алушы мен сатушы автокөлікті есептен шығару және қайта тіркеу үшін Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына келуге міндеттеледі. Көліктің жаңа нөмірін алуға екі сағаттай уақыт кетеді. Енді бұл процеске жұмсалатын уақыт әлдеқайда қысқаруы мүмкін.