|
13.02.2018 | 09:19
1718

Елімізде өз-өзіне қол салатын оқушылар саны азаймай тұр

Елімізде өз-өзіне қол салатын оқушылар саны азаймай тұр

Қазақстанда өз-өзіне қол салатын оқушылар саны азаймай тұр. Қайғылы жағдай өткен бірнеше күннің ішінде бір-екі облыста тіркелген. Ал жеткіншектердің суицид жасауларына не түрткі болуы мүмкін? Көпшіліктің «әлеуметтік желі әсер етіп жатыр» дегені қаншалықты шындыққа саяды?

Теміртаулық 10 жасар Ксения Белозерова өз бөлмесінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Баланың бұлай әрекет етуіне әлеуметтік желінің әсері болуы мүмкін, дейді ұстаздары. Өйткені, соңғы уақытта ұялы телефонында суицид жайлы ойын парақшалардың болғаны күдік ұялатқан. Әйтсе де, жақындары ол анасының телефоны және ешқандай ойынның болмағанындығын алға тартады.  

«Ксенияның асылып қалған жерінде бұрын әткеншек тұратын. Менің болжамым бойынша ол екі орамалдан әткеншек жасағысы келген. Сөйтіп, үстелдің үстінен секірген. Абайсызда ілініп қалған ба, ол жағын толық түсінбей тұрмын. Негізі қыздың ірі артерия қантамыры қысылған», - деді Ксенияның әпкесі Наталья МЫЧКОВСКАЯ.

Бұдан бөлек осы оқиғаға ұқсас  Қарағандыда ақпан айының 3-і күні 13 жасар қыз бала өмірден баз кешіп, суицидке барған. Жасөспірім ата-анасы үйде болғанда, күлгін жіпке асылып қалған. Марқұмның туыстары қыздың өзіне-өзі қол жұмсауына жоғары сынып оқушысымен арадағы желі арқылы сөйлескендері себеп болған. Қазір қос іс бойынша бірдей бап қозғалған.  

«Теміртау қаласындағы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бап 1 бөлімі бойынша қарастырылып жатыр», - деді Қарағанды облысының ІІД баспасөз жетекшісі Бақытжан ҚҰДИЯРОВ.

Шымкентте те жағдай мәз емес. Күні кеше қаладағы «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында жасөспірім өз-өзіне қол салып, көз жұмды. Марқұм өзін өлімге қияр алдында хат қалдырыпты. Онда әлде кімдердің аты-жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты. 16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі болған. Қаладағы №83 мектепте оқыған. Марқұм сабақты жақсы оқыған, ешқандай бөтен қылығы жоқ, тәртіпті болған екен. Баласының көңіл күйіндегі құбылмалықты анасы байқаған. Алайда оны алдағы ҰБТ сынағына байланысты қобалжу деп жорыған.

Сол күні марқұм әпкесіне қоңырау шалып жоғары сынып оқушылары ақша сұрап, маза бермей жатқанын айтып, 7 мың теңге сұрапты. Оған ата-анасы ұялы телефон сыйға тартқан екен. Алайда оны «жоғалтып алдым» депті. №83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан. Марқұмның ата-анасы хатта жазылған адамдарды анықтауды сұранып отыр. Ата-анадан бөлек, мектептептегі психолог мамандардың көбеюі мәселені азкем болсын шешуі мүмкін екенін жасырмайды мамандар.  

«Мектептегі психологымыз ол тек қана балалардың психологиясын біледі, медициналық психологияны көп біле бермейді екен. Бірінші мәселеміз. Екіншіден, мектептегі психологтардың жалақыларын көтеру керек. Содан соң әр психологқа кем дегенде 200 баладан болуы керек. Ал қазіргі мектепте бір психологқа мыңнан астам баладан келеді», - деді «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік» қоғамдық қорының президенті Маргарита ӨСКЕМБАЕВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир