|
13.02.2018 | 10:36
38488

Алматыда бір күнде 30 адамды қабылдайтын тегін оңалту орталығы ашылды

Алматыда бір күнде 30 адамды қабылдайтын тегін оңалту орталығы ашылды

Алматыда бірінші әрі бірегей оңалту орталығы іске қосылды. Басты ерекшелігі - емхана ішінде ашылуы. Инсульт, күрделі ота, жарақат алған науқастар осы жерде тегін қайта бейімделеді. Жоспарлы оңалтуға – психологпен кеңес, массаж, дене шынықтыру секілді қымбат қызмет түрлері кірген.

Инсульт алған науқастар үшін мұндай жаттығулардың оңайға түспейтіні анық. Бірақ дәрігерлердің көмегімен олар алдымен дыбыстарды шығаруға, содан соң сөз бен сөйлем құруға үйренеді. Ақ халаттылардың айтуынша, өмірге қайта бейімделушілердің ерекшеліктері мен науқасына байланысты жеке жоспар құрылады.

Бұл буындары ауыратын, отадан шыққан науқастарға арналған бөлме. «Денені қыздырып, осындай жаттығу жасау арқылы қайта аяққа тұрамыз», - дейді келушілер. Емдік дене шынықтыру да өзге қызметтер секілді әр адамға арнайы тағайындалады.

«Біздің ауданда оңалту орталығы ашылғанына біз қуаныштымыз. Ұзағынан болсын дейміз. Талай адам балдақпен келіп, жүріп кеткендері бар. Оның бәріне өзіміз куә болдық», - деді Әлпия ЖАСАҒАНБЕРГЕНОВА.

Оңалту орталығы емхана базасында ашылған Алматыдағы алғашқысы. Толық курсты осы емдеу мекемесіне тіркелген азаматтар тегін ала алады. 10 күнге созылатын шараны дәрігерлер консилиумы тағайындайды. Қажет болса күнін создыруға да болады екен. Яғни науқас толық оңалғанша жалғасады.

«Арнайы мультидисциплинарлы топ құрылды. Оған реабилитолог, невропатолог, кардиолог, эрготерапевт пен психолог кірген. Бізге хирургтан кейінгі жарақаттарын емдеуге, инсульт, қан айналымы жүйесі бұзылғандар, инфаркт алғандар келеді», - деді Амбулаторлық оңалту орталығының меңгерушісі Эльмира ЖАНАЕВА.

Оңалту орталығының мамандары арнайы дайындалғанын айта кету керек. Көбі Үндістан, Оңтүстік Кореядан қажетті курсты тәмәмдаған. Олар мұнда отыздан аса науқасты қабылдауға қауқарлы. Қанатқақты жоба өз нәтижесін берсе, бөлімді кеңейту де жоспарда бар.

Азамат Әуезхан, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир