Қарызын қайтаруға 90 күннен кешіккен «проблемалық несие» мөлшері соңғы көрсеткіш бойынша 8 пайыздан 6-7 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк жанындағы банктерді қадағалау департаменті директорының орынбасары Әнуар Ізбасаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір мәселенің түйінін шешу үшін әдістемелік тәсілдерге байланысты дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. «Пайдасыз несиелердің» санын азайту жұмыстары халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес жүргізілмек.
«Пайдасыз кредиттердің» деңгейі 2016 жылдың қорытындысы бойынша, 8-ден 6-7 пайызға төмендеді. Бұл активтердің сапасын жақсарту үшін Ұлттық банктің және екінші деңгейлі банктердің тарапынан жасалған борышкерлерді есептен шығару, кешірім беру сияқты шаралардың нәтижесінде пайда болған көрсеткіш. Елбасының тапсырмасымен Ұлттық банк қарыздар қоржынын бағалау жұмыстарын бұдан да терең жүргізу жоспарланып отыр»,- деді ҚР ҰБ банктерді қадағалау департаменті директорының орынбасары, Әнуар ІЗБАСАРОВ.