Елімізде театр өнерінің жаңа құбылысы қарқын алды

Елімізде театр өнерінің жаңа құбылысы қарқын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде театр өнерінің жаңа құбылысы қарқын алды. Дене қимылының көмегімен сахналатын оқиғаны ешбір тілге аудармай-ақ, дыбыссыз тамашалай алады.

"Трансформа" деп аталатын тәуелсіз театр сахнасы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтереді. Елімізде жаңа жобаның өріс алуына Британ кеңесі мен Сорос-Қазақстан қоры мұрындық болып отыр. 

Театр әртістерінің құрамы өткен жылдан бастап Ұлыбританияға сапарлап біраз тәжірибе жинады. Арнайы шақыртылған жетекшілерден түрлі үлгідегі театр өнерін игерді. Ағылшындардың әйгілі театры оқу-ағарту істерін жүргізді. Осыдан кейін Сорос Қазақстан қоры өз қойылымын жарыққа шығаруды қолға алды. Біздің бұл іске қоғам талқысына түскен тақырыптар басты арқау болды",-Жоба координаторы, Сауле МАМАЕВА.  

Ұйымдастырушылар ауыз айтып шаршаған қоғам шындығын дене қимылымен сахналауды жөн көріпті. Әйел таңдауы тақырыбын көтерген қойылым келісімсіз қыз алып қашу құрбандарына араша сұрайды.  

«Азия елдерінде тозығы жеткен дәстүр бар. Ер азамат өмірлік жар ететін серігін ұрлап алып қашады. Қыз жағы іштей келіспей тұрса да амалсыз көнеді. Себебі, салт сондай. Өзін танымайтын адамның бөтен үйдің табалдырығын аттауға күштеп көндіруі мүлде шектен шыққандық. Қыздар мұндай өмірге дайын емес. Міне қойылымның тууына осы жантүршігерлік оқиға себеп»,-деді Режиссер, Екатерина ШМОНИНА.

Спектакль продюсері Марина Константинова бұл жағдайды ұзақ зерттеген. Өзінің фейсбук парақшасында қыз алып қашу құрбаны болған әйелдерге іздеу жариялап, олардан аты-жөні жасырын түрде өз оқиғаларын баяндап беруін сұраған. Әлгі оқиғалар ізімен пластикалық спектакль қойылады. 

«Әлемдік деңгейдегі пластикалық қойылымды кез-келген елде аудармасыз сахналауға болады.  Ол адамзатқа түсінікті қимыл, қозғалыспен баяндалатын көрініс.  Қазақстанда осы бағытты дамытуды ойға алдық. Осындай оймен әртістерді жасақтадым, хореграфты, режиссерді бұл іске жұмылдырдым»,-деді Продюсер, Марина КОНСТАНТИНОВА.

Қойылым қазақтың "Қыз қуу" деген ұлттық ойынымен аталуы кездейсоқ емес. Қыз алып қашуды асыл ұғымдардың қатарына қосып, мәдениетімізге сіңіру белең алып келеді.  Мұндағы түпкі мақсат-теріс түсініктегілерді тезге салу, қоғамның ойын жаңғырту.

 

Новости партнеров