Еліміздегі 107 көмір өндіретін кәсіпорынның қызметі тексерілмек

19.10.2017 в 04:49

Көмір бағасының көтерілуіне ірі өндірушілердің тікелей қатысы бар сияқты. Ұлттық экономика вице-министрі еліміздегі 107 көмір өндіретін кәсіпорынның қызметі тексерілетінін мәлімдеді. Былтырғы бағамен салыстырып, бағаның биылғы қымбаттауы қаншалықты орынды екені анықталады, деді Руслан Дәленов. Олар Астана,  Алматы қалаларында сондай-ақ Алматы, Ақмола, Ақтөбе, және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан кәсіпорындар. Барлығы енді бағаны себепсіз қымбаттату дерегіне қатысты тексерілмек. Бұл жұмыстың қорытындысы 3 айдан кейін белгілі болады. Айта кетсек, Қазақстанда қыркүйек айында көмір бағасы қымбаттап кетті. Өндірушілер мұны ауа райының күрт суумен түсіндірген болатын.