Еліміздегі сенімді туроператорлар тізімі жасалды

Еліміздегі сенімді туроператорлар тізімі жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда сенімді туроператорлардың тізімі жасалды. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі 56 компания еніпті.

Туристік қамқор» корпоративті қоры отандастарымызға шетелге шықпас бұрын алдымен тоқтайтын қонақ үй бронын, елге кері қайту билеті мен ТУРКОД-ты тексеріп алуға кеңес береді. Өйткені өткен жылы шетелде қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар әбден әбігерге түсіпті.  Ал 11 мен 13 саннан тұратын туркод арқылы өзге мемлекетте келеңсіз жағдайға тап болған қазақстандыққа 24 сағаттың ішінде көмек көрсетіледі. Осы кезге дейін 460 мың қазақстандық туркод сатып алған.

«Ондай жағдайлардың болғаны рас. Бірінші, бұл 2017-ші жылдың жаңа жылдың басында. 175 қазақстандықтар Шаржы қаласында Біріккен Араб Эмираттарында қалып қойды. Біз әуе компанияға кепідік беріп, қазақстандықтарды үйге қайтардық. Екінші жағдай бұл наурыз айында бір отбасы Дубай қаласында, олардың билеттерін қайта сатып жіберген. Біз осы жағдайда оларды үйге қайтардық. Осы кепідік беру жүйесінің негіздері бұл бәріміз білеміз, 2010-2015-ші жылдар аралығында бірнеше туроператорлар банкротқа ұшырап, 12 мыңнан аса қазақстандықтар шетелде қалып қойды. Енді бьіздің міндетіміз қазақстандықтарды үйге аман қайтару», – деді «Туристік қамқор» корпоративті қорының директоры Асылхан ЕСІЛОВ.  

А.Есіловтың айтуынша, туроператорларда екі міндеттеме бар. Яғни, банктік кепілдік пен туркодқа төлем жасау. Әрбір турис турфирмалардан жолдама алғанда, туркод алады. Туркод – шетелде қандай да бір жағдай орын ала қалса, туристің міндетті түрде елге оралуына мүмкіндік береді.  

Бүгінде қазақстандықтар көбінесе қай елде демалғанды немесе қай мемлекетке барғанды жөн көреді дегенге келсек, Түркия елін, оның ішінде, Анталия курортын айтуға болады. Одан кейін, Мысыр елі, Біріккен Араб әмірліктері мен Тайланд корольдігі, сондай-ақ, Қытай Халық Республикасына азаматтарымыз көптеп барады екен. Осы бес бағыт қазақстандықтардың ең сүйікті орындары.  

Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров