Еліміздің бас мүфтиі болып Серікбай қажы Оразұлы тағайындалды. Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті 8-ші құрылтайында оны 300-ден астам діндар делегат бірауыздан қолдады. Ал «ӘлАзһар» университетінің түлегі бұрынғы бас мүфти болған Ержан қажы Малғажыұлы, бұдан-былай халықаралық «Нұр Мүбарак» университетінің ректоры қызметін атқарады. Жұмада жаңа жұмысқа кіріскен Серікбай қажы Оразұлы жат пиғылды діни ағымдарға барынша жол бермеуге тырысатындығын алға тартты.
«Біз жолымызды айқындап алғанбыз. Біз жат ағымдарға, жат пиғылды ортаға жол бермейміз. Оған қарсы тұратын иммунитет қазақ мұсылмандығының қалыптасқан исламтану діни мектебінің рөлі күшті және оған біздің әлеуетіміз де, біліміміз де, тәжиірбеміз де жетерлік деп ойлаймын. Біздің халқымызда сонау бабаларымыздан қалыптасқан дәстүрлі исламның қазақ исламтану діни мектебінің жаңғырта отырып, алдымызға қойған мақсатты жұмыстарымызды бірге атқарамыз деп мен ойлаймын»,-деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, Серікбай Қажы ОРАЗҰЛЫ.
Серікбай Қажы Оразұлы - 1975 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Оқу жолын 1990 жылы Ташкенттегі қариларды дайындайтын медреседен бастапты. Одан кейін мысырдағы Аль-Азһар университетін тәмамдаған. Бұдан кейін де, бірнеше жоғары оқу орынында ілім алған. Ал төрағалыққа дейін 2013 жылдан бастап, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы болған. Оған қоса, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.