Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Маңғыстау облысында кей жерлерінде тұман, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда да осындай ауа райы күтіледі. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан жел секундына 15-20 метрге жетіп, кей уақыттарда 23 метрге дейін күшейеді. Оралда 5-6 желтоқсан күндері бұрқасын және қатты жел тұрады.