Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық эмитенттерден берешектерді өндіріп алмақ. Тіпті Бузгул Аурум-ды сотқа бергелі отыр. Осылайша олар компанияға үлестірілген құны 5 млрд теңге тұратын құнды қағаздарды қайтарып алуды көздейді. Қор бұл ақша зейнетақы салымшыларының ақшасы емес дегенді алға тартады. Еске сала кетейік, осы жылдың басында жинақтаушы қордың топ менеджерлері ұсталған болатын. Онда қор мен бузгул аурум арасындағы келісім күдік тудырып еді.
«Бұл құнды қағаздар бойынша өтеу уақыты әлі аяқталған жоқ. Дефолт дерегі әлі болмады деуге болады. Бірақ бұл құнды қағаздар өтелмейтініне көзіміз жетті. Сондықтан Бузгул ауруммен мәселенің басын ашуды бастадық. Қазір сотқа арыз тастадық. Облигацияның құнын толықтай өтеп аламыз. Ол 5 млрд теңге», - деді «БЗЖҚ» АҚ басқарушы директоры Мәулен ӨТЕҒҰЛОВ.
Сонымен қатар, жинақтаушы қорда мәселесі бар активтердің саны 4 есеге азайған. Қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 40 миллиард теңгеден астам қаржыны өндіріп аламыз деп отыр. Ол 20 шақты эмитент компаниялар.