Ерлан Біләлдің орнына жаңа басшы жайғасты

10.01.2018 15:32

 Жуырда ғана жемқорлықпен құрықталған Ерлан Біләлдің орнына жаңа басшы жайғасты. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін енді Жандарбек Садырбаев атқарады.  Мұндай шешімді еліміздің мәдениет және спорт министрлігі қабылдады. Ресми хабарламада, «театр директоры Біләлов Ерлан 2018 жылдың 4 қаңтарында істің мән-жайы анықталғанша қызметінен шеттетілді. Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады» делінген. Естеріңізге сала кетейін, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, аталған театр басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталған еді. Бірақ, күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты - қамауға алынған жоқ.