Ерлан Сағадиев: Жаңа әліпбиде 25 әріп болғаны маған ұнайды

12.09.2017 23:00

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылғаннан кейін, халық ішінде  қызу пікірталас басталды. Жаңа қаріп көп шенеуніктің көңілінен шыққандай. Үкіметтің селекторлық отырысында осыған орай, еліміздің Білім Министрі өз пікірін білдірді. Ықшамдалған әліпбидегі 25 қаріп Сағадиевтің көңіліне қонған. Сөзіне сенсек, латынға ең алдымен орта білім беру мекемелері көшпек. 

«Биыл әліпені қабылдасақ, сосын оның енгізетін кестеге қарай сол жұмыстарды жалғастыруға болады. 25 әріп болғаны маған ұнайды. Енді ары қарай халық өзінің ұсыныстрын айтсын», - деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

¤Әліпби толыққанды бір жүйеге енгенше, ұсыныстар қабылданып, өзгерістер енбек. Тілдерді дамыту республикалық орталығының директоры Шайсұлтан Шаяхметовтың сөзінше, комиссия мүшелері ұтымды ұсыныстарға құлақ асатын болады. Әзірге шикі саналатын жоба, қазақ-орыс емес, орыс - қазақ тіліне бейімделген - дейді мамандар. Әрі, оны ағылшын тілімен шатастырудың қажеті жоқ екенін ескертті. Айта кетейік, кеше Парламенті мәжілісінде өткен тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылған болатын. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі «бір әріп – бір дыбыс», «бір әріп – екі дыбыс» және «бір дыбыс» принципіне негізделген. 25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диаграф бар.