|
26.12.2017 | 18:09
1170

Еуропалық одақ қазақстандықтар үшін визалық режімді жеңілдету мәселесін қарастыруда

Еуропалық одақ қазақстандықтар үшін визалық режімді жеңілдету мәселесін қарастыруда

Еуропалық одақ қазақстандықтар үшін визалық режімді жеңілдету мәселесін қарастырғалы жатыр. Бұл хабармен парламент мәжілісінде сыртқы істер министрі бөлісті.

«Бүгінде Еуропалық одақтан жақсы хабар келіп жатыр. Олар жақында Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңілдету туралы мәселені талқылауға кірісетін болады»,-деді ҚР Сыртқы істер министрі, Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ.

Сонымен қатар, министр Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы визалық режім мәселесіне де тоқталды. Қайрат Әбдірахманов әмірлік шекарасын біздің азаматтардың визасыз кесіп өтуіне мүмкіндік жасау туралы ресми құжаттар жолданғанын айтты.

«Араб Эмираттарымен, өздеріңіз білесіздер, екі жақты келісімге қол қойған болатынбыз. Қазір барлық паспорттар бойынша визасыз сапар шегуге мүмкіншілік туады. Біз ресми рәсімдерімізді өткіздік. Енді Біріккен Араб Эмираттарынан олардан хабар күтіп отырмыз»,-деді ҚР Сыртқы істер министрі, Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ.

Еске салайық, бүгінде қазақстан дипломатиялық төлқұжат иелерін визадан босату жөніндегі келісімді 66 елмен және халықаралық ұйымдармен бекіткен. Және қызметтік төлқұжат иелері үшін қазақстанда 44 мемлекетпен келісім бар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

төлқұжат
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир