Бұл шешімді қабылдау себебін емес бірден іске көшкенім жөн болар. Мені емдеуші дәрігер мен эндокринолог ашығу арқылы емделу курсын өтуді ұсынды. Шынымды айтсам, мән-жайды жөнді түсінбесем де, аурудан шаршаған басым кез келген экспериментке дайын болды.
Бастапқы кезде дәрігер 3 тәулік ашығуды ұсынды, егер барлығы жақсы болса 5 немесе 7 тәулікке созуға кеңес берді. Барлығы хал-жағдайға байланыс болды. Ең дұрысы ашығу мерзімі 21 күнді құрауы тиіс еді. Десе де ол болашақтың еншісінде болды. Керекті анализдері тапсырып, мәселені түсіну үшін үйге қайттым. Ғаламторда ашығу арқылы емделудің түрлі жолы көрсетілген: Николаев тәсілі, Брегг, Бруснев, Вайтович тәсілі....
Жарты сағаттың көлемінде керекті ақпараттарды оқи отырып, қиын жағдайға тап болғандығымды түсіндім. Бірақ артқа шегінуге болмайды.
Кез келген әйел заты сияқты менде ашығудың алдында әр түрлі тәттілерді жеп, өзімді өзім жұбатып алдым. Ертеңгі күн болашақтың еншісінде, ал, өмірді қазір және осы жерде сүру керек дедім. Бұл өте үлкен қателік екен, асқазанды алдын ала дайындау өте маңызды. Сондықтан ашығу арылы емделуді қолға алсаңыз, дайындық кезеңінен өту қажет. Сол кезде ғана ашығу жеңілге соғады. Айтпақшы, ашығу алдында бір апта бұрын ет өнімдерінен бас тартқан жөн. Егер ол қиынға соқса, жеңіл ет өнімдерін немесе балық жеген дұрыс. Ал, үш күн қалғанда мүлдем бас тарту керек. Сол кезде ғана ағзаға жеңіл болады, сізді қатты бас ауруы мазаламайды.
Бірінші күн сәтті өтті. Өзімді жеңіл және жақсы сезінген мен ешқандай қиындық жоқ, 21 күн десе – 21 күн ұстаймын деп шешім қабылдадым. Бірақ екінші күні-ақ бұл шешіміме өкіндім. Өзгелердің тәжірибесінен бір білерім, егер қатты қиын болса, алғашқы күндері бал араластырып су немесе жалбыз, жебір, киікоты қосылған шәй ішуге болады. Десе де мен өз ағзамды алдамай, су ішу уақытын жиілеттім. Аштық сезімі бірден бәлсеңдеді.
Форум және өзге де пікірлерден түсінгенім, екінші және үшінші күн ең ауыр болып келеді екен. Дәл сол сәтте ашқық сезіліп, бас жиі ауырып, көңіл күй нашарлайды, бас айналады. Мені де бұл жағдайлар айналып кетпеді, үшінші күн мен үшін ең ауыр күн болды...
Басым қатты ауырды, бұнын себебі ағзаның шлак және эндотоксиндермен улануы болды. Дәл осы кезде бұл жағдайды басынан өткерген адамдардың тәжірибесі жөніндегі ғаламтордағы ақпараттары көмекке келді. Ең бастысы шыдау қажет. Алқалғаны жағдайға байланысты. Саябақта, орманда, жалпы таза ауамен тыңыстау үшін шығып тұру керек. Әлде душқа түсіп, ваннада еркінсіген дұрыс. Су жағымсыз энергетиканы шайып кететіні бәрімізге белгілі. Болмаса үйді желдетіп алып, ертерек ұйқыға жатуға болады. Мен өте аз ұйыққтайтыныма қарамастан, сол күні басым ауырғандықтан және қарнымның ашқандығына байланысты кешкі сағат 9-да жатып қалдым. Түнімен тыныш ұйықтап шықтым.
Төртінші күні демалыстан жаңа келген адамдай мен сергек ояндым. Ары қарай ешқандай қиындықтар туындамады. Тек бір ғана кемшілік болды. Ауыз қуысымда жағымсыз иіс тұрды. Жағымсыз иіс пен дәмді ұнатпайтын мен бұл ауыр сынақтардың бірі болды. Дегенмен 10-12 күннен кейін иіс те кетті. Бірақ мен әр үш сағат сайын тіс тазалауды әдетке айналдырдым.
Аштықпен емделудегі басты ереже: тағамнан мүлдем бас тарту. Су балансын сақтап, тәулігіне 2 литрдан су ішу. Мен күніне 2,5 литрдан ішіп отырдым.
Шырын, кофе, шәй, кәмпит, тіпті сағызды тұтынуға өзіме тыйым салдым.Тек қана тағамнан бас тарту арқылы адамда «ішкі қоректену» өтеді. Ағза өзінде бар майды бітіріп барып, өзінің қажеттілігімен өзін қамтамасыз едеті.
Егер аз да болса нәр тататын болсаңыздар, ауысу процесі жүзеге аспай, адам арықтай бастайды.
Мен 21 күнде түрлі өндірушілердің суларын ішіп жүрдім. Бұны жарнама деп қабылдамаңыздар, бұл менің жеке пікірім: мен үшін ең тәтті су Tassay болды, екінші орныда Vita, ал, үшінші орында - Asu.
Кеңес: жаңадан ашығуды қолға алған адамдар алғашқы күндерді артық жүктемесіз өткізу үшін демалыс күндері бастау қажет. Егер демалып, ұйықтауға мүмкіндік болмаса, әрқашан өзіңізбен су алып жүріңіз. Екіншіден – бірден стақанмен ішпей, әрбір 15-20 минут сайын кішкентай жұтым жасаған абзал.
Суды қалай жеңіл сіміретіңізді өзіңіз байқамай қаласыз. Осы уақытқа дейін мен күніне ары кеткенде 2-3 стақан су ішетінмін. Ал, қазір 2 литр су ішпесем, өзімді қолайсыз сезінемін.
Ең бастысы, ашығу процесіне дұрыс кірісіп, одан дұрыс шығу қажет. Дәрігердің қарауында болу қажет. Көңіл күйіңіз көтеріңкі болуын қадағалау керек.
Барлығына позитивті қараған жөн. Жиі күліп, көбірек серуендеп, кітап оқу қажет. Ал, теледидар көрмеу керек! Шын айтамын... теледидарды қоса қалсаңыз, әрдайым тамақты көрсетеді де жатады =)))))))).
Менің ашығуымның нәтижесі: бірнеше көрсеткіштің жақсаруы (мен әр апта анализ тапсырып отырдым), бүйрегім тазарды, бүйірімнің шаншуы қойды, мен түнде қолымның ұйып қалуынан оянуды қойдым, 11 кг салмақ тастадым. Ең бастысы – адамдардан көп қошемет естідім. Шынымен, сырт келбетім жақсарды: терімнің түсі кіріп, тырнақтарым қатайды.Өзімді жеңіл сезіндім.
Жылына бір рет және тоқсан сайын 5 күндік курстан өтуді жоспаладым.
Сідерге мықты денсаулық тілеймін. Әрдайын көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!
Фарида Тұрсұмбекова, блогер
Фото: Freepht
Аударма: Меруерт Сағымхан