«Чукоткадағы» төбелес: адвокат Кузнецовпен байланыса алмай жатыр

«Чукоткадағы» төбелес: адвокат Кузнецовпен байланыса алмай жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қорғаушы Алма Мусина Александр Кузнецовпен байланыса алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол елден кетіп қалды ма, жоқ па? Оны нақты айта алмаймын. Кешеден бері телефонына хабарласа алмай жатырмын. Телефоны өшірулі. Бүгін 15:00-де үкім оқылатын еді. Елден кетіп қалды деп айтуға әлі ерте. Маған оның анасы хабарласуы керек. Егер учаскелік инспектор үйіне барғанда Кузнецов жоқ болып шықса, оған іздеу жариялануы мүмкін. Мен үшін оның үйде болғаны жақсы еді. Себебі, жарты жылдан соң тағы да өтініш беруге болатын еді», – деді Алма Мусина.

Айта кету керек, бүгін бірқатар БАҚ-та Александр Кузнецовтың елден қашып кеткені жарияланған болатын.  

Бүгін 16:00-де Талдықорған қаласында Алматы облыстық соты өз қаулысының толық мәтінін оқитын еді.

Кеше Алматы облыстық сотының апелляциялық коллегиясының судьясы Қанат Жантасов тараптарды тыңдай келе Қапшағай қалалық сотының үкімін жарамсыз етіп, Александр Кузнецовты колонияға қайтару туралы шешім шығарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Чукотка» барының алдындағы төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев көз жұмды. Сол жылдың маусымында бірінші инстанция соты Кузнецовты абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кейінірек Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясы «Адам денсаулығына қасақана нұқсан келтіру арқылы адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырды. Кузнецов жазасын Алматы түбіндегі Заречный ауылындағы түрмеде өтеп жатқан еді.


Новости партнеров