|
29.06.2018 | 14:44
5895

GGG Қазақстан Президентіне чемпиондық белдіктерін сыйға тартты

GGG Қазақстан Президентіне чемпиондық белдіктерін сыйға тартты

Геннадий Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлық жасады. Ол Президентке WBC, WBA, IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқой бокстан алған чемпиондық белдіктерін тарту етті. Ал Елбасы өз кезегінде чемпионды құр қол жібермей, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. Бүгін Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті. Президент Головкинге ілтипат білдіріп, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын айтты. Сондай-ақ Елбасы Геннадий Головкиннің Қазақстан спортын танытудағы және еліміздің халықаралық имиджін арттырудағы еңбегі орасан екенін атап өтті.

«Отандастарымыз сенің жекпе-жектеріңді жіті бақылап отырады. Сен Қазақстанды лайықты түрде танытып, өз отаныңды ешқашан ұмытпай, жүрген жерде айтып жүресің. Біз сені мақтан тұтамыз. Қыркүйек айында сені өте маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Барша қазақстандықтардың атынан саған жеңіс тілеймін. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир