Голливудтың "Көліктер-3" мульфильмі елімізде қазақ тілінде көрсетіледі

Голливудтың "Көліктер-3" мульфильмі елімізде қазақ тілінде көрсетіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төрткүл дүние таныған «Уолт Дисней» студиясының «Көліктер-3» туындысының тұсау кесері. «Тачки- 3» яғни, «Көліктер- 3» мультфильмі голливудтың қазақ тілінде көрсетілетін алғашқы жобасы емес. Бұған дейін аталған анимациялық фильмнің 2-ші бөлімі қазақша дубляждалған еді.  «Дисней» студиясы үшін қазақ тілі ресми аударылған 39-шы тіл, ал түркі тілдерінде түркі тілінен кейін екінші болып отыр. Жабық көрсетілімге әріптесім Нұрсұлтан Біләл қатысуда. Дәл қазір ол біздің студиямен тікелей байланысқа шығуға дайын. Нұрсұлтан, қазақ тілінде дубляждалған мультфильм қашан үлкен экранға жол тартады? 

Иә, Ануар көрерменнің көзайымына айналған Найзағай Маккуиннің шытырман оқиғасы көпшілік күткендей жалғасын тапты. «Тачки-3» яғни «Көліктер-3» анимациялық блокбастері осымен қазақ тілінде дубляждалған 20-шы кинокартина. Жалпы ана тілімізде әлемдік деңгейдегі фильмдер 2011 жылдан бастап сайрай бастады. Міне, дәстүр бойынша бала түгелі ересектер асыға күткен мультфильм ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Ал, дәл осы сәтте «Уолт Дисней» және «Пиксар» студиялары ұсынып отырған «Көліктер-3» анимациялық фильмінің алдын ала жабық көрсетілімі өтуде. Адам қарасы әрине өте көп. Аталған шараға қала әкімі Бауыржан Байбекте қатысуда. Шаһар басшысы қазақ дубляжы жайлы пікір білдірді.

«Елбасы тапсырмасы бойынша болашақ қауымдастығы 2011 жылы жалпы мына Голливудтық Блок мастерлерді ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне дубляждау мәселесін қолға алып осы жылдардың 19 осындай фильмдерді аударды. Бұл кеш біз үшін, біздің елеміз үшін ерекше күн. Неге десеңіз? Біз мына «Көліктер-3» фильмі 20 жоба болады. Осы 6 жылдың үшінде қаншама фильм, мультфильмдерді біз аударып демеушілердің арқасында осындай көп жетістіктерге жетіп жатырмыз»,- деді Алматы қаласының әкімі, ¤Бауыржан БАЙБЕК.

Нұрсұлтан, қателеспесем фильмнің дубляж режиссері Айжан Жамшитова. Ал кейіпкерлерді қазақша сөйлеткен кімдер?

Ануар, дұрыс айтасын. Жалпы 2011 жылы алғаш рет «Көліктер-2» анимациялық филімін дубляждаған мамандар бұл жолы да Голливуд туындысын қазақша сайратты. Атап айтсам, басты кейіпкерге өз дауыстарын қайтадан Нышанбек Жұбанаев, Азамат Қанапия, Сырым Қашқабаев және тағы басқа актерлер сыйлады. Жалпы дубляжға 30-дан астам өз ісінің хас шеберлері қатысқан. Көрсетілім басталмай тұрып біз дубляж мамандарымен сұхбаттасқан едік.

Адамша ойлап, саналы түрде іс-әрекет жасайтын көліктер туралы фильмнің алғашқы нұсқасы 2006 жылы шығарылған еді. Енді міне сол бастаманың жалғасы 3Д форматта қайта түсіріліп, қазақ тілінде көрсетілгелі жатыр. Қазақ тілінде дубляж жасайтын мамандардың дауыстарын Уолт Дисней студиясы мамандары қатаң сұрыптаудан өткізе отырып таңдаған көрінеді. Ануар, мендегі ақпараттар осы. Сөз тізгіні өзінде.

Тұшымды ақпаратына рахмет Нұрсұлтан. Ал біз хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.

 



Новости партнеров