Алматыда Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деп күдіктіге сот басталды

Алматыда Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деп күдіктіге сот басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген Тойчибек Асамовқа қатысты сот басталды. Есте болса, 17 жастағы студент 12-ші сәуір күні орын алған төбелес кезінде қайтыс болған еді. Бірақ сот отырысы ашық деп жарияланбастан жатып, 19-шы маусымға қалдырылды. Өйткені, сотқа жәбірленуші тараптан ешкім келмеді. Сондықтан, судьяға процессті кейінге қалдыруға тура келді. Айыпталып отырған 2-ші курс студентінің анасы Саламат Асамова журналистерге сұхбат берді. Ол Тойчибек Асамов пен марқұм Дидар Болысбектің жақсы достар болғандығын жеткізді. Оған дәлел ретінде бірнеше суреттері де бар екен. Айыпталушының анасы 2-ші курс студенттерінің 1-ші курстан ақша бопсалағанын жоққа шығармайды. Бірақ олардың қатарында ұлының жоқ екендігін айтып отыр. Саламат Асамованың сөзінше, 21 адамның арасындағы төбелес 2 рет болған. Бірақ тек бір ғана баланың темір торда отырғанына наразы. Екінші ретте балалар суық қару қолданған көрінеді.

«Баламның ешқандай кінәсі жоқ. Өйткені, балама бір ай бойы следователь кіргізбеді. Рұқсат етпеді. Бір айдан кейін рұқсат алып бастықтар арқылы рұқсат алып кірген кезімде балам маған бар ақиқатты айтып берді. Оған следователь қорқыту арқылы, алдау арқылы мойындатқан. Балам не болды? Қалай болды бәрін біледі. Ұрғандарды да біледі. Ұрғандар да басқа адамдар. Олардың бәрі қазір бостандықта жүр. Бұл жерде Бауыржан бар, Самғат бар барлығын айта аламын»,- деді Т. Асамовтың анасы, Саламат АСАМОВА.

Сондай-ақ, төбелеске қатысқан Тойчибек Асамовпен бірге 2 курстың 6 студенті 13-ші сәуір күні оқудан ішкі тәртіпті бұзғаны үшін шығарылған. Бұл ақпаратты Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің басшылығы растады. Еске сала кетейік, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің жатақханасында студенттер арасында төбелес шыққан. Салдарынан 1-ші курстың студенті қаза тапқан болатын. 

Новости партнеров