Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарға сенімді жүректен іздеуге шақырды

03.05.2017 16:38

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарға сенімді жүректен іздеуге шақырды. Ол бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді. Премьер-министр өсіп келе жатқан ұрпақтың діни тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл мәселелер 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы аясында талқыланды. Айта кетейік, заң жобасы Үкіметте мақұлданған.


Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жиында халық даналығын тілге тиек етті. Премьер-министр «Құдайды өз жүректеріңнен іздеңдер, басқа еш жерде таппайсыңдар» деді. Бұл тәсілді Бақытжан Сағынтаев кездейсоқ қаузамапты. Жиын барысында ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің баяндамасын тыңдады. Министр дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы шенділерге тәптіштеп айтып берді. Ал Үкімет басшысы қаралып отырған заң жобасының маңызды құдат екендігін тағы да бір баса айтты.


«Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу кезінде жас буынның діни сауатының төмендігіне айрықша назар аударған болатын. Сондықтан діни салада дұрыс тәрбиелік және ағартушылық жұмыстар жүргізуде күш-жігерді аямай, барлық тұжырымдамалардың бейбіт жүзеге асырылуына  көмектесуіміз қажет», - деді  ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.


Жалпы, қазақстандықтардың діни сенім туралы түсініктері әртүрлі екені ешкімге жасырын емес. Бірі құдайға сеніп, сол жолды таңдаса, керісінше осыған күпірлік келтіріп жататындары да кездеседі. Бұл жағдайды ескеру мемлекеттік саясаттың негізгі функциясына кіреді. Еліміздің Дін істері және азамттық қоғам министрінің баяндамасына арқау болғаны да осы мәселе еді. Айта кету керек, ведомство ұсынып отырған мұндай тұжырымдама тәуелсіздік алғалы алғаш қозғалып отыр. Нұрлан Ермекбаев елімізде жат ағымды насихаттайтын азамттардың заңсыз әректтері орын алып жатқандығын атап өтті.


«Дінді және дәстүрді түсіну үшін діни мәдениетті көтеру қажет. Қазіргі таңда діни наным сенімге қатты берілген азаматтардың барын жоққа шығара алмаймыз. Оларда жоғарыда айтылған діни мәдениет қалыптаспаған. Сол себепті сенім мен діни қағидаларды дұрыс айыра алмайды», - деді  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.




Ермекбаевтың ойынша, мемлекеттің дамуы үшін зайырлы ұстанымды дамыту қажет. Тұжырымдамаға сәйкес, зайырлы мемлекет ар-ұждан еркіндігін қатамасыз етеді және діни қауымдастықтардың мәселелеріне, ішкі жағдайларына араласпайды. Дегенмен, мемлекет аталмыш діни қауымдастық қызметтеріне бақылау жасап отырады. Әрине, мемлекеттік заң аясында.


Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігі Астанада өтетін кезекті Сирия келіссөзіне Сирияның қарулы оппозиция өкілдерінің қатысатынын растады. Ақпараттық агенттіктер де бұл туралы жарыса жазып жатыр. Ануар Жайнақовтың айтуынша, қазір барлық тараптар, оның ішінде Мохаммад Аллуш бастаған сириялық қарулы оппозиция келіссөзге қатысатындығын растаған. Қазір Қазақстанға Біріккен Ұлттар ұйымының сарапшылары мен кепіл мемлекет өкілдері келіп жатыр. Кезекті келелі жиын 3-4 мамырда өтеді. Естеріңізде болса, 14-15 наурызда Астанада өткен Сирия келіссөзіне оппозиция өкілдері келмеген болатын.


Теги: правчас