Глобал челлендж саммитінде инновациялық технологияларға жіті көңіл бөлінді

Глобал челлендж саммитінде инновациялық технологияларға жіті көңіл бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Глобал челлендж саммитінің екінші күнінде инновациялық технологияларға да жіті көңіл бөлінді. Әр түрлі залда шағын бас қосулар өтіп, түрлі меморандумдарға қол қойылды. Халық игілігіне қолданылатын жаңа технологиялар мен идеялардың кеңінен дамуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, бұл салада  экономикалық өсім болуы тиіс.

Бас қосуларда көбіне «Цифрлық әлем», «Жаһандық қауіпсіздік әлемі»,»Бірегей экономика әлемі»  сонымен қатар, «Жаңа инновациялық технологиялар әлеміне» жіті көңіл бөлінді. Бұл әлбетте Қазақстан үшін маңызды бағыттарлың бірі. Енді сөз кезегін «Дербек кластерлік Қорының» басқарушы директоры Әлібек Қабылбайға берсек.

-Бүгін жаңа инновациялық технологиялар бағытында меморандумға қол қойылды. Қай елдермен алдағы уақытта тығыз қарым -қатынас жасайтын боламыз?

- Бүгін Франция мемлекетімен меморандумға қол қойылды. Отадық стартап жобаларын әлемдік нарыққа шығару жөніндегі. Сондай-ақ біздің қор қазіргі таңда әлемдегі ірі компаниялармен жұмыс жасауда. АҚШ мемлекетінің, Британия, Ресей мемлекетінің. Бұл компаниялардың технологияларын Қазақстанға енгізу және отандық мамандармен, отандық жобаларды осы компаниялардың нарығына шығару жөнінде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

-Отандық стартап идеялар ішінде қарапайым халық игілігіне бағытталған жобалар бар ма? Медицина, әлеуметтік?

-Отандық стартаптардың ішінде бізде фармацевтика саласында, білім беру саласында жобалар бар. Бұл отандық қызметкерлер мен отандық кадрлардың жобалары. Сондай-ақ біз IBM компаниясымен үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстанға медицина саласындағы, онкология саласындағы үлкен жобаны енгізу. Яғни, ақылды система, алдын алу шаралары жасайтын болады. Сол бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз биыл. Бейімдеу жөнінде. Және де blog change системасында қосымша құн салығының blog change технологиясына енгізу жайлы үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бұл басты кіші және орта бизнеске үлкен септігін тигізеді. Себебі нақты әкімшілік бақылау жөнінде көп іс-шаралар жеңілдетілетін болады.

- Инновациялық технологиялардың Қазақстанға енгізілуі экономикаға қандай әсер береді? Тиімділігі қандай?        

-Бұл экономиканы модернизациялауға үлкен септігін тигізеді және жаңа экономика бағыттарын қалыптастыруға үлкен себебін тигізеді. Сондай-ақ мына blog changе қосымша құн салығын енгізу проектісі көлеңкелі экономикадағы төленбей жатқан салықтарды бюджетке қосымша 1 трлн-нан астам теңге көлемін енгізуге себебін тигізеді. Сондай-ақ басқа салаларда да үлкен септігін тигізеді. Қабілеттілікті жоғарлату жөнінде қосымша көптеген тиімді себептері бар.   

                                                                    

Новости партнеров