Головкин IBF титулынан айырылды

Головкин IBF титулынан айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Головкин ресми түрде IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды. 6-шы мамырдан бері бұл ақпаратты әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Осыған дейін IBF Головкинді украиналық Сергей Деревянченкомен 3-ші тамызға дейін кездесу өткізуге мәжбүрлеген еді. Алайда боксшының командасы 23-ші  мамырда мұны кейінге қалдыра тұруды өтінді. IBF ережесіне сәйкес, чемпион кездесуді бір рет қана кейінге шегере алады екен. Ал Головкин болса мұндай мүмкіндікті 5-ші мамырда америкалық Ванес Мартиросянды нокаутқа түсірген кезде қолданған. Сол кезде келісімшарт бойынша IBF титулы тігілген болатын. Әзірге, Головкиннің командасы мен боксшының өзі бұл мәліметке қатысты пікір білдірген жоқ. Дегенмен, қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев «Головкиннен бұл белбеуді тартып алған жоқ, ол өзі босатты» дегенді айтады.

«Мен ойлаймын, Головкин өзі біле тұра IBF әлем чемпионы белбеуін өзі босатты. Оған үміткер Сергей Деревянченко деген боксер болуы керек, ол Украинаның азаматы. Оның аты шықпаған шынын айтқанда әлемдік бокста , онымен бокстасу қаншалықты қызық екенін мен де білмей отырмын. Ақша жағынан, атақ жағынан болсын тиімді екенін, сол үшін де оған қажет болмағандықтан сол белбеуді Головкин босатты»,-деді кәсіпқой боксшы Батыр ЖҮКЕМБАЕВ. 


Новости партнеров