Мекенжай туралы анықтаманы енді сауда орталықтарынан алуға болады

Мекенжай туралы анықтаманы енді сауда орталықтарынан алуға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Азаматтың тұрғылықты мекенжайы мен оның сотталмағандығы туралы анықтаманы енді сауда орталықтарынан алуға болады. Мұндай мүмкіндік Алматыдағы  5 нысанда ашылып, шамамен бір айдан кейін іске қосылмақ. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында тағы да бірнеше қызмет түрі көрсетілмек.

Мекенжайыңыз бен сотталмағаныңыз, тіпті атыңызға  тіркелген жылжымайтын мүлкіңіздің бар не жоқтығы туралы анықтаманы алу үшін электронды қолтаңбаның өзі жеткілікті. Мұндай мүмкіндікті сауда орталықтары, сондай-ақ, темір жол вокзалы мен әуежайда да қолжетімді болмақ.  Ал халыққа қызмет көрсету орталықтарында маманның көмегінсіз, кез келген қызмет түрін ешқандай кедергісіз  алу үшін тегін оқыту курсынан өтуге кеңес береді мамандар.

«Қазіргі таңда ХҚКО жаңа методикаларды пайдаланып жұмыс жасап жатыр. 40-та 60 деп айтсақ болады. 40-ол халыққа тікелей қызмет көрсету, 60 пайызы электорнды үкімет арқылы қызмет ала берсе болады»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы филиалының директоры Дастан ЖАНТЕЛИЕВ.  

Қазір қаладағы Бостандық және Алмалы аудандарының тұрғындары халыққа арналған үкіметтің жаңа мүмкіндігін пайдалана алады. Мәселен, кез келген азамат, арнайы кабиентке кіріп, мемлекеттік қызмет саланысынң басшысына тікелей видео қоңырау соғып, алаңдатқан сауалына бейне арқылы жауап ала алады.

«Азаматқа арнайы нөмір көрсетілген талон беріледі. Содан кейін телефон нөміріне не болмаса электорнды поштасына хат келеді. Содан кейін орталыққа барып, жеке жіберілген кодты тере отырып, жауап ала алады»,-деді Алматы қаласы алмалы ауданының ХҚКО маманы Бақытжан СҰРАНШИЕВ.

Бұдан бөлек, үшінші тараптың сіздің атыңыздан анықтама алуына жағдай жасалып отыр. Яғни, «мобильді азамат» қосымшасына тіркелген кез келген тұрғын, телефон нөмірін тіркеу арқылы 4 түрлі анықтаманы ала алады. Бұл - дегеніміз жолдасыңыз не болмаса әке-шешеңіз  бен бауырыңыздың қатысуынсыз-ақ өзіңіз қажетті қызметті пайдалануыңызға болады. Тек олардың қарсылығының  жоқтығы смс-хат арқылы расталса жеткілікті.  Сондай-ақ жүргізуші куәлігі мен темір тұлпардың тіркелгенді тесерілмейді. Енді куәлігіңіздің мерізімін ұзарту үшін медициналық тексерістен де өтіп әуре болмайсыз. Ал көліктің техникалық құжатын алу үшін, мүліктің өзін  алып келудің қажеті жоқ.  Өйткені, барлық темір тұлпар туралы ақпарат ортақ базада бар дейді мамандар.  

«Ең әуелі, біздің орталықтағы маманнан талон алу қажет. Сол қызметкер сіздің мойныңызда салық, айыппұл бар не жоқтығын дереу анықтап береді. Қажет болған жағдайда сол жерде толық есеп айырсуға болады. Одан кейін, негізгі залға өтіп, қажетті құжатыңызды тездетіп аласыз. Бұрындары техникалық құжат пен көлік нөмірін алуға 2 сағат уақыт кетсе, енді 90 минутта барлық операцияларды аяқтауға болады»,-деді  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Әсел МАМАЖАНОВА.

Айтпақшы, енді, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, өзіне өзі қызмет жасау жүйесі қарқын алуда. Жүргізушісі куәлігінің мерізімін онлайн режимде  ұзарту үшін, кеңесшінің көмегінсіз атқара алады. Дәл осы орталықта, электорнды қолтаңба мен 700-ге тарта қызмет түрін  алуға мүмкіндік бар. Жыл басынан бері 590 мың тұрғын мемлекеттік қызметті өз беттерінше алған. Бұл жемқорлыққа да жол бермейді дейді мамандар.

«Электронды түрге өткен сайын, Услугодатель мен услугаполучатель арасында қарым қатынас болмағандықтан, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Бағыда тікелей, халық мемелкеттік қызметкерге барып, өтінішін ижазып, сол жерде мүмкіндіктер болатын. Қазір портал арқылы мұндай тәуекелдерді жоюға мүмкіндік мол»,-деді Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі  департаментінің маманы  Мақсат ЖАҢБЫРШИЕВ.

Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығынан мемлекеттік қызметтің 83 пайызын алуға болады. Қалғаны көп ұзамамай орталықта көрсетілетін болады. Алматыдағы 47 мемлекеттік мекеме бас-аяғы 354 қызмет көрсетіп келеді.  Қазірдің өзінде, бала-бақша мен мектепке тіркеліп жатқандардың қарасы көп.

Енді жәрдемақыны да алу үшін  халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге аспақ. 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне де биылдан бастап, жәрдемақы өмір бойына берілетіндігін еске салмыз.

«Ағымдағы жылдың жаңа жәрдемақы қосылайын деп жатыр. Қазіріг таңда біз бала кезінен 1-ші топ мүгедектерін күтушілерге төлеп жатырмыз. ОЛ 29 699 теңге. Мүгедектің күтішісі өтінішімен ХҚКО немес электорндық портал арқылы медициналық сраптамадан өткен кезде өтініштерін сол жерден тапсыруына болады»,-деді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Фарида БӨКІЖАНОВА.  

Бүгінде алматыда 13 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Күніне кем дегенде анықтама алу мен өзге де мемлекеттік қызметке жүгінетін 4 мың адам дәл осы орталыққа барады екен.  

Әйкерім Ердәулетықызы. Рәшит шүкірәлиев, Вялад Шишко «Алматы» телеарнасы.  


Новости партнеров