Головкин-«Канело» реваншы: Алғашқы салмақ өлшеу рәсімі белгіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алғашқы салмақ өлшеу рәсімі 15 тамызға белгіленді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман Twitter-де хабарлады, деп жазады Sports.kz.
Кеңестің ережесі бойынша, жекпе-жекке 30 күн қалғанда орта салмақ категориясындағы лимит - 176 фунтты құрайды (79,8 келі), ал бір апта қалғанда 168 фунт (76,2 келі) болуы керек. Соған қарамастан, бірінші айқастың алдында міндетті салмақ өлшеу процедурасынан тек Геннадий өткен еді. Себебі «Канело» WBC чемпиондық белбеуіне таласпайтынын мәлімдеді. Боксшылардың қарымта айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile аренада өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06