Алматы автовокзалдарының қызметі де, сыртқы келбеті де сын көтермейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аты дардай, сиқы ше? «Сайран» және «Саяхат» автовокзалдарының қызметі де, сыртқы келбеті де сын көтермейді. Жолаушы таситын вокзалға емес, жабайы базар, заңсыз сауданың ордасына айналған, дейді жолаушылар. Мәселен, «Сайран» автовокзалын халықаралық тұрмақ, қала аралық деңгейде қызмет көрсететін орын деп айтуғада ауыз бармайды. Іші күңгірт, шң басқан қабырға. Көпшілік санитарлық сапаға сәйкес келмейтін, ашық түрде сатылып жатқан тағамдарды алуға қорқамыз дейді. Одан бөлек, автовокзал маңында заңсыз тасымалдаушы таксистер жүруге жол бермейді, дейді. Қалалық қоғамдық кеңесте сынға ұшыраған вокзал басшылары «тек терезе ауыстырдық» дегеннен басқа мардымды жауап бере алмады. 

«Сайран» мен «Саяхатты» халықаралық талаптар  тұрмақ, қарапайым ережелерге сәйкес келмейді. Өрт қауіпсіздігі, жолаушылардың қауіпсіздігі, сапасыз көліктер деген мәселелер толып жатыр. Тасымалмен айналысаса онда сол жерді жабайы базарға айналдырмай, тек сол тасымал  қызметтерін дамыту керек. Алдағы уақытта құзырлы органдарға жағдайды мәлімдеп, құжат дайындаймыз», - деді  Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.

Ал кезінде алматылықтардың ғана емес, күллі қазақстандықтардың өмір тарихы, жастығының естен кетпес мекені болған «Саяхат» автовокзалы бүгінде қаланың ең лас жерлерінің біріне айналған. Ұры да,  заң бұзушылықта осында. Тарихи орны бұзылғалы бұл жердің де бағы тайған. Аумақтың Медеу ауданына қарайтын  жағы өткен жанның жолын кесіп, жолаушыға таласқан жабайы жүргізушілер мен келімсектердің ордасы іспетті. Көлікпен емес, жаяу өтудің өзі мұң. Ал Жетісу ауданына қарайтын тұсында маскүнемдер көп. Лас жерде ет, сүт өнімдері де сатылады. Жолаушы таситын жері вокзал емес құдды бір қора, сынған көліктердің ордасы іспетті.


Новости партнеров