Отандастарымыздың 40 пайызы баспанамен қамтылады

Отандастарымыздың 40 пайызы баспанамен қамтылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандастарымыздың 40 пайызы баспанамен қамтылады. Үйсіз жүрген жандарды жарылқау үшін мемлекет қазынасынан 24 млрд теңге бөлінбек. Бұл  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа қонысқа ие болғылары келетіндерге үлкен мүмкіндік. Ал Елбасы ұсынған «7-20-25» ипотекалық жобасын қолдау үшін республикалық бюджеттен триллион теңге қарастырылған. Үйлі болуға ұмтылып жатқан отандастарымыздың қатары бірте көбейіп келеді. Бір ғана қаңтар айында тұрғындар 29 млрд теңгеге несие рәсімдеп үлгерген екен. Олардың көбі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жаңа пәтерлерге ие болғылары келеді. ¤

«Бүгінгі күні банк салымшыларының жиған қаражаты 8 трлн 147 млрд теңгеге жетті. Оның 51 пайызы ақшаларын ұлттық валютада сақтап жатыр. Қалғандары доллармен жинағанды құп көреді», - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ департамент директоры Талғат БАЙДОСОВ.

Елбасы өзінің соңғы жолдауында халықты тұрғын үймен қаматамасыз ету көрсеткіштерін Біріккен ұлттар ұйымының талаптарына сәйкестендіру керектігін айтқан еді. Әлемдік стандарт бойынша бір адамға 30 шаршы метрден тиесілі болуы керек. Осы тұста, жыл сайын елімізде құрылыс саласына бөлінетін  инвестиция көлемі 9 пайызға артқан. Сондай-ақ қолданысқа берілген үйлердің үлесі 5 жарым пайызға жоғарылапты.


Новости партнеров